Бүгін «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының жоспарына сәйкес, Зертас ауылдық округінде тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдауға арналған көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық қабылдауды аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров жүргізіп, қабылдауға келген азаматтарға мемлекеттік мекемелер мен аудандық бөлім басшылары, сала мамандарын таныстырды.
Қабылдауға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров, округ әкімі Жақсылық Үсіп және аудандағы жауапты сала жетекшілері мен мамандары қатысып, ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелерін тыңдады.
Қоғамдық қабылдауда:
— ауыз су тапшылығы, оның қысымының тым аздығы;
— тұрақсыз электр жарығы, түнгі жарық;
— интернет желісінің әлсіздігі;
— қайтарымсыз грант мәселесі;
— қоғамдық жұмысқа төленетін жалақының аздығы секілді маңызды мәселелер көтерілді.
Әрбір ұсыныс пен шағым мұқият хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемелердің бақылауына алынды. Тұрғындарға заң аясында кеңестер беріліп, нақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл – “AMANAT” партиясының халықпен кері байланыс орнатып, ел мұңын есту жолындағы нақты қадамы. Алдағы уақытта бұл форматтағы қабылдаулар барлық ауылдық округтерде жалғасын табатын болады.
“AMANAT” – халық пен билік арасындағы сенімді көпір.