Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы «Достар» стадионын күрделі жөндеу 2025 жылдың 12 маусым күні «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Сейдахметұлы мен Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев және комиссия мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Р.Отыншиева және комиссия мүшелері Н.Майусова, Т.Абуов пен Созақ аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Ә.Исаның және мердігер мекеме «BK Group Com» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаскелік жетекшісі Ж.Батыршаевтың қатысуымен құрылыс жұмыстарына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.
- Тапсырыс беруші: Созақ аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
- Сараптама қорытындысы: № SanaE-0265/24 12.10.2024ж
- Техникалық қадағалаушы: «Жасыл Әлем Сервис»ЖШС
- Бас жобалаушы: «ДИК Проект» ЖШС
- Нысанның құрылыс құны: 450 млн теңге
- Басталған уақыты: наурыз 2025 жыл.
- Аяқталу мерзімі: қыркүйек 2025 жыл
Мониторинг барысында футбол алаңының табанына арнайы су өткізбейтін қорғаныш материалдармен жабылғандығы, оның беткі қабатына қиыршық тас пен құм төселіп жатыр. Сонымен бірге, құрылыс нысанының ішкі жұмыстары толығымен бітіп, тазалық жұмыстары жүргізіліп қойылған.
Жұмысшылар арнайы киіммен қамтамасыз етіліп, өмір қауіпсіздігі қатаң сақталған. Құрылыс басында 12 жұмысшы арнайы мамандардан ұйымдастырылған бригада жұмыс жасап отыр. 4 арнайы техника жұмыс жүргізуде. Құрылыс жұмыстары белгіленген өндірістік кестеге сай атқарылып отыр.