2025 жылдың 12 маусым күні «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Сейдахметұлы мен Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев және комиссия мүшесі Н.Майусованың қатысуымен Созақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Азаматтық қорғау подполковнигі Қ.Ақбаев және ұжым мүшелерімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және деструктивті және экстремистік ағымдарды болдырмау және алдын-алу» тақырыбында кездесу пікірсайыс өткізілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.
Кездесу барысында Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Азаматтық қорғау подполковнигі Қ.Ақбаев осы тақырыпта атқарып жатырған жұмыстар бойынша хабарлама жасады.
Тақырып аясында пікір білдірушілер Сыбайлас жемқорлықтың тигізер зардаптары мен деструктивті және экстремистік ағымдардың қатері жайлы өз ойларын ортаға салды. Кездесу соңында Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев Созақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Азаматтық қорғау подполковнигі Қ.Ақбаевқа және ұжым мүшелеріне атқарып отырған жұмыстарына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде комиссия мүшесі Н.Майусова өз пікірін білдіріп, өте маңызды күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігін айтып пікірін білдірді. Кездесуді қорытындылап Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Сейдахметұлы сөз сөйлеп, төтенше жағдай ұжым мүшелеріне алғыс білдірді.