ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАР МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖОЛДАНАТЫН БОЛДЫ

Сайрам аудандық мәслихатының депутаттары, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшелері Дархан Айдарханов, Марат Дәлбеков, Нұржан Абдикадиров, Аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімінің басшысы Ақжол Қонқабаев, Сайрам ауданы мансап орталығының басшысы Абылай Ахметов және Сайрам аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы аудан тұрғындардың жеке мәселелері, арыз-шағымдары, ұсыныстары бойынша «Амаnат» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Сайрам аудандық филиалы хабарлады.

Қабылдауға келген аудан тұрғындардың басты мәселелері – жер телімі, ағын су, арық каналдарды қалпына келтіру жұмыстары. Және заңгерлік құқықтық көмек сұрап келгендер болды.

Халық қалаулылары, полиция, жеке сот орындаушылар, заңгерлер, мекеме басшылары және сала мамандар тарапынан, тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетіліп, қабылдау барысында оңтайлы шешімдер қабылданды. Ал уақыт талап ететін мәселелер жөнінде, мекемелерге арнайы комиссия құрылып, депутаттық сауалдар жолданатын болды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды