ДЕПУТАТТАР ЖОЛДЫҢ САПАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Акмалжан Исақов, Сайрам ауданы мәслихатының депутаттары, «АМАNАТ» партиясының фракция мүшелері, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бегжан Алимжанов, Абдурасул Юсупов, Ержан Асқаров, Асанали Керимов, аудандық жолаушылар және автомобиль бөлімі ММ сектор меңгерушісі Бақтияр Налибаев және ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары, республикалық маңызы бар Қазавтожолдың бүгінгі ахуалына мониторинг жүргізді. Бұл туралы «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Сайрам ауданы, Алматы-Ташкент-Термез бағытындағы автожолы 656-700 шақырым аралығы, (Жібек жолы ауылдық округының тұсы), Алматы-Ташкент-Термез бағытындағы автожолы 657-665 шақырым (Манкент ауылдық округының тұсы), жолдың мамандарымен бақылау жүргізілді. Жолдың сапасын тексеру-бақылау барысында кемшіліктер орын алғаны анықталды. Ақылы жолдың жөндеу жұмыстары сапасыз болып тұрғаны және жолдың бойындағы темір қоршаулары кейбір жерлері істен шыққан.

Сонымен қатар, 665-669 шақырым (Ақсукент ауылдық округы), 669-673 шақырым (Қарасу ауылдық округы) және 673-700 шақырым аралығы (Қайнарбұлақ ауылдық округының тұсы), жолдың сапасы талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Бүгінде тұрғындар, көлік жүргізушілер жолдың жағдайына және жөндеу жұмыстарының сапасыздығына шағымданады. Анықталған кемшіліктер бойынша, Сайрам ауданы мәслихатының депутаттары тарапынан тиісті мекемелерге депутаттық сауалдар жолданатын болады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды