«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы мен Жетісай аудандық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес депутаттардың халықпен есеп беру кездесуі жалғасып жатыр. Бүгінгі кезекті есеп беру “Қызылқұм” бастауыш партия ұйымының мүшелерімен және ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Бұл туралы «AMANAТ» партиясының Жетісай аудандық филиалы хабарлады.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, Жетісай аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, Жетісай аудандық мәслихат депутаттары Исаев Кахарбай, Қожабаев Азамат, Сұлтан Әбдіғаппарұлы, Қызылқұм ауылдық округінің әкімі Досжан Асқарұлы және басқа да бөлім басшылары мен, бастауыш партия ұйымы мүшелері қатысты.
Кездесуде аудандық мәслихат депутаттары өз сайлау округіндегі сайлаушыларына жыл басынан бергі атқарылып жатқан және алда атқарылатын жұмыстары жайлы есеп берді. Кездесудің негізгі мақсаты – халықпен жүздесіп, есеп беру, бастауыш партия ұйымының жұмысын жандандыру, депутаттардың белсенділігін арттыру және партияның алдағы жоспарларын ортаға салып, пікір алмасу.
Іс-шара барысында қатысушыларға мәслихат аппараты мен партияның 2025 жылға арналған негізгі бағыттары мен саяси бастамалары, әлеуметтік жобалары таныстырылып, бастауыш ұйымдардың бұл үдерістегі рөлі мен жауапкершілігі айтылды.
Кездесуге қатысқан азаматтар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауылдағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар беріліп, ауыл ақсақалдарымен бірлесіп, нақты проблемаларды шешу жолдары талқыланып, мәслихат жанынан құрылған уақытша комиссия жұмысына кейбір мәселелерді талқылауға, зерделеп тексеруге 2 жоба ұсынылатын болды.