ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН ҚАЖЕТТІ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕТІН БОЛДЫ

«AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мырзабаев Ғалымжан Жақыпбекұлы аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.

Абай ауылынан келген тұрғын үйінің апатты жағдайда тұрғанын, тұрғын үйге кезекте тұрғанын айтып, ауданда салынып жатқан үйлердің бірін беруін сұрады. Ғалымжан Жақыпбекұлы қазіргі таңда 104 отбасыға үй салынып біткенін, кезекте тұрған бес санат бойынша үй берілетінін, алдағы уақытта кезектегі орны бойынша тұрғын үйді ала алатынын түсіндірді.

Үйінде қарт әкесі және мүгедек сіңлісімен тұрып, тек әкесінің зейнет ақысымен күн көріп, үйіндегі коммуналдық төлемдерді төлей алмай жатқанын айтып, қаржылай көмек сұраған жалғыз басты анаға фракция мүшесі демеушілер есебінен қажетті көмек көрсететінін түсіндірді. Тұрғындардың мәселелері өз шешімін тапқанша фракция мүшесі жеке бақылауында болмақ.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды