Сауран аудандық мәслихат төрағасы Байсбаев Сержан Ермекбайұлы және аудандық мәслихат депутаттары Майдантал ауылдық округінде халықпен кездесу өткізді. Жиын барысында округте атқарылған жұмыстар сараланып, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер талқыланды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, аудандық мәслихат депутаты А.Раматуллаев, ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы С.Нұрбеков, сондай-ақ аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары мен мамандары: Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ш.Аманбаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маман міндетін уақытша атқарушы С.Әубәкір, жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Н.Молдабаев кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы А.Жәнібек, «Мансап орталығы» КММ маманы О.Бақтыбай және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиынды «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков ашып, сөз кезегін Сержан Ермекбайұлына берді. Халық қалаулысы өз баяндамасында аудан бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар және жүзеге асып жатқан маңызды жобалар туралы кеңінен ақпарат берді.
Келесі болып сөз алған мәслихат депутаты А.Раматуллаев, депутат ретінде бүгінгі күнге дейінгі атқарған жұмыстарын баяндап, өткізген іс-шаралар, ауылдағы маңызды инфрақұрылымдық мәселелердің біршамасының шешімі жолдары туралы айтып өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Қаражон елді мекенінің тұрғыны Т.Ниязбеков Майдантал ауылдық округінің тоғанынан көп мөлшерде су кететінін айтып жеткізді.
Аудан депутаты А.Раматуллаев көтерілген мәселемен танысып, тоғанның құжаттарын «Тұран су» мекемесінің теңгеріміне өткенін хабарлады. Алдағы уақытта «Тұран су» мекемесі тарапынан жоба әзірленіп, жөндеу жұмыстарын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Майдантал ауылының тұрғыны, жергілікті Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Ақатов тұрып, ауылдық округ тұрғындарының артуына байланысты тоған суының тапшылығы туындайтынын айтты. Сондықтан аталған тоғанды кеңейтіп беруді сұрады. Сонымен қатар, ауылдық округте ауданның мәртебесін арқалап жүрген спортшылар бар екенін алға тартып, ауылға спорт сарайын салып беруді сұрады.
Көтерілген мәселелермен танысып, «Тұран су» мекемесімен жұмысты жалғастыратынымызды хабарлады. Ал, спорт кешенінің ғимараты ауылдық округте алдағы уақытта міндетті түрде салынатындығын жеткізді.
Келесі сөз кезегін Майдантал ауылының тұрғыны О.Әшірбекова алып, Майдантал ауылынан ағатын бұлақ бойынан жер телімдері тоқтатылса екен деген ұсыныспен келді. Айтуынша бұлақ бойынан жер берілсе болашақта ауылдың өзіне су жетпей қалу қаупі бар екенін айтты.
Аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Н.Молдабаев аталған мәселені толық зерделеп, атқарылған жұмыстар бойынша нәтижесін баяндайтынын айтты.
Келесі болып ауылдың көпбалалы анасы Г.Орынбекова алып, жұмыссыз жүргенін айтты. Жұмысқа тұрғызып беруді өтінген ана зейнетақысының жетпейтіндігін жеткізді.
«Мансап орталығы» мекемесінің маманы А.Жәнібек Г.Орынбековаға түсіндіру жұмысын жүргізіп, «Күміс жас» бағдарламасымен жұмысқа қабылдау үшін мекемеге келуін сұрады.