Бүгін – халқымыздың жүрегінен орын алған ерекше күн – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні.
Осыдан 32 жыл бұрын, 1992 жылы, Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз Тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары ретінде бекітілді. Бұл күн — ұлттық рухты, ел бірлігін, егемендігімізді айшықтайтын маңызды мереке.
Бүгінгі мерекелік іс-шаралар еліміз бойынша дәл сағат 11:00-де көк байрағымыздың бір мезетте көкке көтерілуімен басталды. Осы тарихи сәтте ел жүрегі бірге соғып, рухымыз асқақтады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.
Төлеби ауданында да Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты жиын қасиетті орын — «Төлеби баба» саябағында өтті.
Аудан әкімі Еркегали Алимкулов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы Қойбағаров, мемлекеттік және өкілді орган қызметкерлері, сондай-ақ «AMANAT» партиясының аудандық филиалының өкілдері мен қоғамдық бірлестіктер мен білім саласының қызметкерлері қатысқан іс-шара патриоттық рухта өтті.
«Көк Тудың желбірегені» флешмобын қатысушылар аса қолдау көрсетті. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары көрерменге концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер орындады.
🔹 Көк Туымыз — көк аспанымыздың, бейбіт болашағымыздың бейнесі,
🔹 Елтаңбамыз — бірлігіміз бен мемлекеттігіміздің белгісі,
🔹 Әнұранымыз — халқымыздың жүрек үні мен рухының айнасы.
Мәңгілік Елдің Мәңгілік Рәміздері жасай берсін!
Бірлігіміз бекем, Туымыз биік болсын!