БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, АУЛАМЫЗ КӨРІКТІ БОЛСЫН!

“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында, Кентау қаласы, Әл-Фараби көшесі №98 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында «AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалы төрағасы, Кентау қалалық мәслихат депутаты Арман Басаровтың бастамасымен сенбілік ұйымдастырылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенбілікке «AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалының қызметкерлері, «Жасыл қала» мекемесінің қызметкерлері және аула тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында балалар ойын алаңдары сырланып, боялды. Қураған ағаш бұталары қырқылып, ағаш діндері әктеліп, аула тазартылды.

Айта кетерлігі – сенбілікке тұрғындар арасында жасы 80-нен асқан Каюмова Зухра аяулы әжеміздің бұл іске атсалысуы – көпке үлгі болды.

Тұрғындар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, осындай игі шаралардың жиі өткізіліп тұруын тіледі.

Бірлігіміз бекем, ауламыз көрікті болсын!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды