Мен, Адилханов Ерлан Мырзабайұлы, «AMANAT» партиясынан Алпамыс батыр ауылдық округі әкіміне үміткермін.
Бүгін, 20 маусым күні Алпамыс батыр ауылдық округінің Ақжол және Қауыншы ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткіздім.
Кездесу барысында сайлауалды бағдарламамды таныстырып, ауылымыздың болашағына бағытталған нақты жоспарларымды ортаға салдым. Атап айтқанда:
Ауыз су мәселесін түбегейлі шешу
Жол және жарықтандыру жүйесін жаңғырту
Ауылды дамытуға арналған кәсіпкерлікке жағдай жасау
Мәдениет пен спортты жандандыру
Ауыл ақсақалдарының ақ батасын алдым.
Тұрғындарды алдағы сайлауда белсенділік танытуға және туған ауылымыздың өркендеуі жолында маған сенім білдіруге шақырдым.
Менің мақсатым – әр отбасыға тұрақты жағдай жасау, ауылдың инфрақұрылымын дамыту, халықпен ашық әрі тұрақты байланыс орнату.
Ауылымыздың әл-ауқатын арттыру, жастарға мүмкіндік беру.
Бірге болсақ – ауыл гүлденеді. Сіздердің сенімдеріңіз – мен үшін ең үлкен жауапкершілік!
Баршаңызды алдағы сайлауда белсенділік танытуға және ауылымыздың игілігі үшін маған сенім білдіруге шақырамын.
AMANAT – ел аманаты! Сенім – міндет! Бірге болсақ, ауыл өзгереді!