«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының ұйымдастыруымен “Қазыбек би” бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, Жетісай аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, Жетісай аудандық мәслихат депутаты Елдос Ахметов, және басқа да бөлім басшылары мен, бастауыш партия ұйымы мүшелері қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде, Елдос Ахметов өз сайлау учаскесінің сайлаушыларына жыл басынан бергі атқарылып жатқан және алда атқарылатын жұмыстары жайлы есеп берді. Кездесудің негізгі мақсаты – бастауыш партия ұйымының жұмысын жандандыру, ұйым мүшелерінің белсенділігін арттыру және партияның алдағы жоспарларын ортаға салып, пікір алмасу.
Іс-шара барысында қатысушыларға партияның 2025 жылға арналған негізгі бағыттары мен саяси бастамалары, әлеуметтік жобалары таныстырылып, бастауыш ұйымдардың бұл үдерістегі рөлі мен жауапкершілігі айтылды.
Кездесуге қатысқан азаматтар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауылдағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ партия мүшелерімен бірлесіп, нақты проблемаларды шешу жолдары талқыланды.