БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ӘР КҮНІ ҚАУІПСІЗ ӨТУІ ҮШІН БІРІГІП ЖҰМЫС ІСТЕЙІК!

«AMANAT» партиясы «Қалдаяқов» Бастауыш партия ұйымының жиналысы болып өтті. Жиынды «Қалдаяқов» бастауыш партия ұйымының төрайымы А.Беркімбаева ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалы хабарлады.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Қалдаяқов» БПҰ төрайымы А.Беркімбаева баяндама жасады. А.Беркімбаева бастауыш партия ұйымының атқарылған жұмыстарының есебін берді.

«Балаңа уақыт арна» акциясы Кентау қаласының Ащысай елді мекенінің әр түкпірінде жалғасуда. Қалдаяқов БПҰ төрайымы Беркимбаева Арайлым Ардабайқызы Кентау қалалық №1 емхана ұжымымен кездесіп, жазғы демалыстағы балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Беркимбаева Арайлым Ардабайқызы емхана ұжымымен бірлесіп, балаларға жазғы қауіпсіздік ережелерін түсіндірудің маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, су айдындарындағы, жол бойындағы және белгісіз жерлердегі қауіптерден сақтану жолдарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, ата-аналарға балаларының демалысын қадағалап, олардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз ұйымдастыру керектігін жеткізді.

Бұл кездесу «Amanat» партиясының «Балаңа уақыт арна» акциясы аясында ұйымдастырылып, жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Балаларымыздың әрбір күні қауіпсіз әрі қуанышты өтуі үшін баршамыз бірігіп жұмыс істейік!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды