БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ҚАУІПСІЗ ДЕМАЛУЫНА БІРГЕ АТСАЛЫСАЙЫҚ!

Жаз айында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өте маңызды мәселе. Осы орайда, «Балаңа уақыт арна» акциясы аясында Көкібел бастауыш партия ұйымының (БПҰ) төрағасы Буденбаев Ертуған Қостайұлы С. Рахимов атындағы мектеп өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – балалардың жазғы демалыстағы қауіпсіздігін нығайту және түрлі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын талқылау болды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.

Ертуған Қостайұлы өз сөзінде жаз мезгілінде балалар өміріне қауіп төндіретін жағдайлар, соның ішінде су айдындарындағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелерін сақтау және басқа да ықтимал қатерлер туралы толық түсіндірді. Ол мектеп ұжымына оқушылар арасында қауіпсіздік сабақтарын тұрақты өткізудің маңыздылығын, сондай-ақ ата-аналармен тығыз байланыста болып, балаларының бос уақытын қадағалау керектігін баса айтты.

Бұл кездесу «Amanat» партиясының бастамасымен қолға алынған «Балаңа уақыт арна» акциясының бір бөлігі. Акцияның басты идеясы – әрбір баланың жазғы демалысының қауіпсіз әрі мазмұнды өтуін қамтамасыз етуде қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігін арттыру. Балаларымыздың қауіпсіз демалуына бірге атсалысайық!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды