«Балаңа уақыт арна» республикалық акциясы аясында Төлеби БПҰ төрағасы Сланов Бекзат Махамбетұлы, аудандық орталық аурухана мен емхана ұжымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл басқосудың негізгі мақсаты – жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін медицина қызметкерлерімен бірлесе талқылау. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.
Кездесу барысында Бекзат Махамбетұлы жаз мезгілінде балалар арасында жиі кездесетін жарақаттардың, суға бату оқиғаларының, күн өту немесе басқа да денсаулыққа қатысты қауіптердің алдын алу шараларына ерекше тоқталды. Ол медицина қызметкерлерінің ата-аналармен жұмыста, әсіресе балалардың қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын дамыту керектігіне де назар аударылды.
«Amanat» партиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Балаңа уақыт арна» акциясы қоғамның әрбір мүшесін балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік алуға шақырады. Жазғы демалыс – балалар үшін қуаныш пен еркіндік уақыты. Сол себепті, оның қауіпсіз өтуіне бірігіп атсалысайық!