Мақтаарал аграрлық колледжінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған білім алушылардың жеке қасиеттерін дамыту, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу, балалар шығармашылығын дәріптеу, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, студенттер үшін мерекелік атмосфера құру мақсатында Мақтаарал ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірге «Бала қауіпсіздігі – басты назарда!» атты мерекелік шара өткізілді. Бұл туралы «Amanat» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы хабарлады.
Шараға Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Ермекбаев, Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің #21 Өрт сөндіру бекетінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Д. Жұмашов және «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Н.Ошантаев қатысты.
Ұстаздар мен оқушылар жаттығулар жасап, тақырыптық баннер, өрт сөндіру көлігі, таратпа материалдар, балалар күніне арналған бірнеше суретті салып, бояп, бақытты балалық шақтың тамаша көрінісін жасап шығарды. Колледж жастарына мерекелік көңіл-күй сыйлаған шараның соңында қонақтар тарапынан ізгі тілектер айтылды.