БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПАРТИЯЛЫҚ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының мәжіліс залында Партиялық бақылау комиссиясының 2025 жылға арналған жоспар кестесіне сәйкес кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісті комиссия төрағасы Тұрманов Бағдәулет Оразбайұлы ашып, жүргізіп отырды. Бұл туралы “AMANAT” партиясының Түркістан қалалық филиалы хабарлады.

Мәжіліске “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сұлтанхан Таштеев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, комиссия мүшелері Мәди Аманжол, Рысбеков Самат, Аюпов Данияр, Тәңірбергенов Дәурен және Құлжабаев Бақытжан, сондай-ақ бөлім басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:

1.Түркістан қаласы әкімдігінің “Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің баяндамасы;

  1. Түркістан қаласы әкімдігінің “Ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің баяндамасы;

Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, сұрақтарға жауап алынды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды