Бүгін «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес Келес аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Абдуллаев Алмас Мейірланұлы аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар Абай ауылы тұрғындары тұрғын үй, инфроқұрылым мәселелері бойынша сұрақтарымен жүгінді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.
Абай ауылынан келген тұрғын үйінің апатты жағдайда тұрғанын, апатта тұрған мемлекетке беріп өзіне ауданда салынып жатқан үйлердің бірін беруін сұрады. Алмас Мейірланұлы апатты жағдайда тұрған тұрғын үйінің тиісті мекемелер арқылы апатты жағдайда тұрғанын анықтау керектігін, анықталған құжаттарын мекемеге алып келуін, аудандық тұрғын үй кезекке тұрғызып, салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінен берілетінін жеткізді.
Жол мәселесін көтерген тұрғынға қазіргі таңда Абай ауылында жалпы ағымдағы жылға жеті көше толық жөндеуден өтетінін, ал, аталған көше мәселесі бойынша ауыл әкімдікпен бірлесіп анықтамалық жұмыстар жүргізіп жатқанын, алдағы уақытта ауданда жұмыс жүргізіп жатқан мердігер компания арқылы шағал тас төсеуге ықпал жасайтынын түсіндірді.