БҰЛ – ДЕПУТАТТЫҢ ШЫНАЙЫ ЫҚЫЛАСЫНЫҢ ДӘЛЕЛІ

Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаты Ералиев Ербол Жолдасбайұлы және Жетісай аудандық мәслихат депутаты Ақтөреева Қаршыға Адеханқызы аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы “AMANAT” партиясы Жетісай аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Қабылдауға “AMANAT” партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Ералиев Ербол Жолдасбайұлы, Жетісай аудандық мәслихат депутаты Ақтөреева Қаршыға Адеханқызы, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жетісай ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Жетісай аудандық “Мансап орталығы” мамандары қатысты.

Кездесу аясында бес азаматтың өтініші қаралды. Депутаттың жоғары деңгейдегі жауапкершілігі мен біліктілігі арқасында тұрғындардың мәселелері мұқият тыңдалып, жедел әрі нақты шешімдер табылды. Соның ішінде Бекташов Мұратбек Асықата кентіндегі қажетті бірқатар мәселелерді тыңдап, қажеттілігіне қарай шаралар қабылданатынын түсіндірді. Сондай-ақ Жылы су ауылдық округі тұрғындары ауыл ішіндегі инфрақұрылымға қатысты мәселелері көтерілді. Бұл мәселелер депутаттардың бақылауына алынып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Бұл – депутаттың өз өкілеттігін іске асырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға деген шынайы ықыласының дәлелі. Және басқа да мәселелер қабылдауда қаралып, тиісті мекемелерге тапсырма берілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды