АУЫЗ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІЛЕРІН САЛУ ЖҰМЫСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы, Созақ ауданы Созақ ауыл округіне қарасты Шақырық елді мекеніне ауыз сумен жабдықтау желілерін салу құрылыс жұмыстарына 2025 жылдың 11 маусымы күні «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев және комиссия мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Ж.Әлібеков пен «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» маманы Қ.Асқаров және Созақ ауылы округі әкімі Б.Аяпов және мердігер мекеме өкілінің қатысуымен мониторинг жүргізілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.

  • Тапсырыс беруші: «Созақ аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігімен және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
  • Бас мердігер: «ИНЬЕКО ЛТД СТРОЙ» ЖШС
  • Авторлық қадағалаушы: «ДиК-проект» ЖШС
  • Техникалық қадағалаушы: «ЖАСЫЛ АЛЕМ СЕРВИС» ЖШС
  • Нысанның құрылыс құны: 1 982 400,00 мың теңге
  • Нысанға қаралған қаржы (2024 жылға) -147 900,00 мың теңге
  • Қаралған қаржы: 2025 ж. 358 миллион теңге
  • Құрылыстың басталуы: қыркүйек 2024 жыл
  • Құрылыстың аяқталуы: 2025 жыл

Мониторинг жүргізу барысында алдыңғы мониторинг жұмыстары кезінде айтылған ұсыныстар бойынша 4 көшеге су құбырын тарту кезінде көшенің тар болуы және Созақ – Қаратау бағытындағы автомагистраль жолының астынан өтетін оптикалық-талшықты байланыс кабельдерінің меншік иелерінен келісім алуы, сонымен бірге жерге көмілген су құбырларының үстіңгі қабатын қазу кезінде су құбырларының қауіпсіздігін көрсететін ленталар (аваринная лента) салынғандығы және жоғарыдағы айтылған ұсыныстардың толығымен орындалғандығын көрдік. Құрылыс басында су жинайтын су қоймасын қазу кезінде жер асты суының құрғап кебеюіне байланысты, бетон құю жұмыстары қолға алына бастаған. Сонымен бірге көше қиылысындағы өткелдердегі асфальт жабындыларын бұзбай тесу әдісімен құбырларды жүргізу жұмыстары ұйымдастырылған. Бұл жұмыстармен арнайы бригадада 10 жұмысшы және арнайы 5 техника жұмыс жүргізіп отыр. Құрылыс нысанында өндірістік жұмыс кестесінің болмауына байланысты, көрсете алмады. Өндірістік жұмыс кестесін құрылыс басына алдыру ұсынысы айтылды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды