Жетісай өңірінің халық шоғырын қалыптастырып, ауылдың ел бесігі санатындағы мәртебесін айшықтап отырған экономиканың бірден-бір секторы – ол ауыл шаруашылығы. Республикадағы жиырма миллион халықтың екі миллионнан астамын бауырына басып жатқан өңір халқының басым бөлігі – ауыл тұрғындары. Яғни, еліміздегі агрокешендік саладағы өзгерістер ауыл адамына тікелей әсер етіп, мыңдаған отбасының тұрмысынан көрініс табады, халықтың табыс деңгейін белгілейді.
Мемлекет басшысы ұсынған сайлауалды бағдарламада ауыл шаруашылығын экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналдыру міндеттемесі белгіленді. Ауыл-аймақты өркендетудің басымдықтары бойынша кешенді жұмыс қолға алынды. Аграрлық сектордың алға жылжуы монополиядан бас тарту құқықтық рәсімдерімен, салықтық ынталандырумен және тиімді технологияларды енгізумен қатар алып жүру межеленді. Су үнемдеу технологияларын енгізуде, мелиорация және суару жүйелерін қалпына келтіруде кешенді көзқарас қалыптасты.
Сайлауалды бағдарлама орындалуының алғашқы жылында еліміз бойынша 8 млн. гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылды. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және ауыл тұрғындарының табысын арттыруды көздеген «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға 1 трлн. теңге қарастырылды. Жоба 1 млн.-нан астам ауыл тұрғынын қамтитын болады. Биылғы жылы республикалық бюджеттен 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
”AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!» 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасына сәйкес, осы кезең ішінде айналымға тартылған ауылшаруашылық жерлерінің үлесін 4,1%-ға немесе 145,7 мың га. дейін жеткізу міндеттемесі қойылып, бүгінгі күнге нақты 80,7 мың га. жер айналымға енгізілді. Оның ішінде 8,6 мың гектары егістік алқаптары болса, 72,1 мың гектары – жайылымдық жерлер.
«Жер аманаты» жобасы аясында 2027 жылға дейін 490 мың га. жерді ортақ жайылымға қайтару жоспарланған. Бүгінге нақты 255,6 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылды. «Ауыл аманаты» бойынша жыл сайын ауыл тұрғындары санатындағы екі мың азаматтың кәсіпкерлік бастамаларын қаржыландыру жоспарланып, бүгінгі күнге 18,2 млрд. теңгеге 3 048 өтінім мақұлданды, 14,3 млрд. теңгеге 2 428 жоба қаржыландырылды.
Партия филиалының әлеуеті ауылдың әлеуметтік жағдайын мейлінше жақсартуға бағытталып, ауыл адамына мемлекет тарапынан берілетін көмек пен жеңілдіктер аясын барынша кеңейтуге жұмылдырылып келеді.