АУЫЛДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ОРТАҒА САЛДЫ

«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы мен Жетісай аудандық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес депутаттардың халықпен есеп беру кездесуі басталды. Бүгінгі кезекті есеп беру “Атамекен” бастауыш партия ұйымының мүшелерімен және ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, Жетісай аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, Жетісай аудандық мәслихат депутаты Алладин Мырзаханов, Атамекен ауылдық округінің әкімі Нұрғали Байназаров және басқа да бөлім басшылары мен, бастауыш партия ұйымы мүшелері қатысты.

Кездесуде, аудандық мәслихат депутаты Асқар Қайназаров және Алладин Мырзаханов өз сайлау округіндегі сайлаушыларына жыл басынан бергі атқарылып жатқан және алда атқарылатын жұмыстары жайлы есеп берді. Кездесудің негізгі мақсаты – бастауыш партия ұйымының жұмысын жандандыру, ұйым мүшелерінің белсенділігін арттыру және партияның алдағы жоспарларын ортаға салып, пікір алмасу.

Іс-шара барысында қатысушыларға партияның 2025 жылға арналған негізгі бағыттары мен саяси бастамалары, әлеуметтік жобалары таныстырылып, бастауыш ұйымдардың бұл үдерістегі рөлі мен жауапкершілігі айтылды.

Кездесуге қатысқан азаматтар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауылдағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ партия мүшелерімен, ауыл ақсақалдарымен бірлесіп, нақты проблемаларды шешу жолдары талқыланды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды