АУЫЛ ЖАСТАРЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР

«АMANAT» партиясы Кентау филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен, қалалық партия филиалының төрағасы Басаров Арман Амангелдіұлының, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Байғараев Бегімбет Биімбетұлы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Садуов Талғат Нұралыұлының, Кентау қаласы Ащысай ауылының әкімі Байкобеков Жеңіс Оразәліұлының қатысуымен Кентау қаласы Ащысай ауылында «Ащысай» бастауыш партия ұйымымен Мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Бұл туралы «АMANAT» партиясы Кентау филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Қабылдаудың негізгі мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу бойынша жұмыстар жүргізу.

Қабылдауға келген қала тұрғындары жаңа балалар ойын алаңшасын салуға, спорт кешендерін, газ мәселесі және жол мәселелері көтерілді.

Көшпелі қабылдаудан кейін, ауыл тұрғындарының өтінішіне орай, облыстық мәслихат депутаттары Ащысай ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап шықты.

Атап айтқанда, олар ауылдағы спорт залдың қазіргі жай-күйімен танысты. Спорттық нысанның құрылысы толық аяқталмағанын, оны күрделі жөндеуден өткізу қажеттігі көтерілді. Бұл мәселе бойынша депутаттар тиісті ұсыныстар дайындап, жауапты органдарға жолдайтынын жеткізді.

Алдағы уақытта спорт залды жаңғырту арқылы ауыл жастарына қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр. Бұл – салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға жасалған нақты қадам болмақ.

Қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті мекемелерге ұсынылып, алдағы уақытта мәселенің оң шешілуін партия бақылауында ұстайтындарын жеткізді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды