АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ КӨШЕ ЖАРЫҒЫ МӘСЕЛЕСІН ҚОЗҒАДЫ

Бәйдібек аудандық мәслихат депутаты мәслихат депутаты Елеусіз Алмас Байзақұлы «AMANAT» партиясының Бәйдібек аудандық филиалында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Бәйдібек аудандық филиалы хабарлады.

Қоғамдық қабылдауға Шаян ауылының тұрғындары келіп, аудандық мәслихат депутатына ұсыныс-пікірлері мен шағымдарын жеткізіп, бірқатар өтініштерін айтты. Атап айтқанда Шаян ауылының тұрғыны Байшуақов Ербол Тажикович Жанаев көшесінің бойындағы электр бағаналарын жаңартып беруіне ықпал жасауын сұрады. Бұл мәселені мекеме басшысын жақын күнде шешілетінін айтты. Шаян ауылының тұрғыны Бишеев Нұрдәулет Абай көшесінің көше жарығы мәселесін қозғады. Бұл мәселені жақын күндері шешілетінін айтты.

Қабылдау барысында Елеусіз Алмас Байзақұлы, тұрғындар тарапынан айтылған өзекті мәселелерді назарына алды. Тиісті бөлім, мекемелерге тапсырмалар беріп, орындалуы қосымша хабарланатыны айтылды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды