ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Рабат БПҰ төрағасы Шәріпхан Әлімжан Әділханұлы Қ. Абдалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұжымымен кездесіп, жазғы демалыстағы балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.

Әлімжан Әділханұлы мектеп ұжымымен бірлесіп, оқушыларға жазғы қауіпсіздік ережелерін түсіндірудің маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, су айдындарындағы, жол бойындағы және белгісіз жерлердегі қауіптерден сақтану жолдарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, ата-аналарға балаларының демалысын қадағалап, олардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз ұйымдастыру керектігін жеткізді.

Бұл кездесу «Amanat» партиясының «Балаңа уақыт арна» акциясы аясында ұйымдастырылып, жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Балаларымыздың әрбір күні қауіпсіз әрі қуанышты өтуі үшін баршамыз бірігіп жұмыс істейік!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды