АУДАНЫ ӘКІМДІГІ МЕН ПАРТИЯ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес, Жетісай ауданы әкімінің орынбасарлары Серікбай Пірімбеков пен Айдос Исмаилов аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Жетісай аудандық филиалы хабарлады.

Қабылдауға «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мамандары қатысты.

Қоғамдық қабылдау барысында азаматтар тарапынан әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, тұрғын үй, инфрақұрылым, жер мәселесі, денсаулық сақтау мен білім беру салаларына қатысты түрлі сауалдар мен ұсыныстар айтылды. Әрбір мәселе мұқият тыңдалып, мүмкіндігінше сол сәтте түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кейбір сұрақтар бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, бақылауға алынды.

Мұндай қабылдаулар билік пен халық арасындағы ашық диалогтың бір көрінісі. Тұрғындардың көтерген мәселелері тек қағаз жүзінде емес, нақты іс жүзінде шешімін табуы үшін аудан басшылығы жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастыра бермек.

Жетісай ауданы әкімдігі «AMANAT» партиясымен біріге отырып, тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, әрбір азаматтың үнін естуге, оның мәселесін назардан тыс қалдырмауға басымдық беруде.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды