«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекіткен кестесіне сәйкес, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мұратов Нұржан Сабыржанұлы аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.
Біртілек ауылынан келген тұрғындар жол, ауыл жастарына кіші стадион салу, ауыз су мәселелерін көтерді. Нұржан Сабыржанұлы көтерілген жол мәселесі бойынша жобалық сметалық құжаттары әзірленіп ұлттық сараптамадан өткенін, қазіргі таңда мердігер компанияны анықтау үшін құжаттар әзірленіп жатқанын түсіндірді. Ал, кіші стадион салу және ауыз су мәселелері бойынша толық құжаттары дайындалып, ағымдағы жылы салу жоспарланып жатқанын, ауыз су мәселесін шешу бойынша төрт ауыл округті қамтитын үлкен жоба әзірленіп жатқанын түсіндірді.