«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекіткен кестесіне сәйкес, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мақсат Тұрғынұлы Бекбаев аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар жұмыс, қаржылай көмек, жер мәселелері бойынша өтініштерімен жүгінді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.
Фракция мүшесі Біртілек ауыл округінен келген тұрғын учаскелік жер мәселесін көтерген тұрғынға, аталған мәселе бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізетінін, тиісті мекемеге депутаттық сауыл жолдап, жазбаша жауап беретінін, бұл мәселені жеке бақылауға алатынын түсіндірді.
Ал, жұмыс және қаржылай көмек сұраған тұрғындарға Мақсат Тұрғынұлы жұмыс мәселесі бойынша тиісті мекемелер арқылы бос жұмыс орындарын қарастыратынын, алдағы уақытта оң шешуге ықпал жасайтынын түсіндірді. Қаржылай көмек бойынша демеушілер есебінен көмек көрсетілетінін түсіндірді. Тұрғындардың мәселелері өз шешімін тапқанша фракция мүшесі жеке бақылауында болады.
Сондай-ақ Келес аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Жеңісхан Сапарәліұлы Ешанқұлов аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар қаржылай көмек және жер мәселелері бойынша өтініштерімен жүгінді.
Фракция мүшесі Біртілек ауыл округінен келген тұрғын қызының еміне қаржылау көмек сұрап келген анаға Жеңісхан Сапарәліұлы бұл мәселені демеушілер есебінен көмек көрсетілетінін түсіндірді. Бұл мәселені жеке бақылауға алатынын түсіндірді.
Ал, жерінің құжаттарын дұрыстап беруді сұраған тұрғынға Жеңісхан Сапарәліұлы аудандағы тиісті мекеме барып зерделейтінін, алдағы уақытта заң аясында шешіп беретінін жеткізіп, фракция мүшесі жеке бақылауында болатын болды.