АТА-АНАЛАР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

Ленгер БПҰ төрағасы Даулетова Алия Ерімбетқызы №2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұжымымен маңызды кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы — жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.

Алия Ерімбетқызы өз сөзінде жаз мезгіл інде балалардың су айдындарында, жол бойында және басқа да қауіпті жерлерде абай болу керектігін ескертті. Сондай-ақ, ата-аналарға балаларының бос уақытын тиімді және қауіпсіз өткізуін қадағалаудың маңыздылығын жеткізді. Мектеп ұжымына да оқушылармен тұрақты түрде қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.

Бұл кездесу «Балаңа уақыт арна» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Акцияның басты мақсаты — ата-аналар мен қоғамның назарын балалардың жазғы демалыстағы қауіпсіздігі мен оларға уақыт бөлудің маңыздылығына аудару.

Сондай-ақ «Балаңа уақыт арна» республикалық акциясы аясында Көкәйек БПҰ төрайымы Кабылбекова Айжан Нышанкызы Төлеби аудандық орталық ауруханасы ұжымымен кездесті. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін нығайту және осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру.

Айжан Нышанкызы өз сөзінде жаз мезгілінде балалардың су айдындарында, жол бойында және басқа да қауіпті аймақтарда сақтық шараларын сақтауының маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол ата-аналардың балаларына барынша уақыт бөліп, олардың бос уақытын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуін қадағалау керектігін жеткізді. Аурухана ұжымына да ауыл тұрғындарымен тұрақты түрде қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін баса айтты.

Бұл кездесу «Amanat» партиясының бастамасымен қолға алынған «Балаңа уақыт арна» акциясының бір бөлігі. Акцияның негізгі идеясы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-аналар мен қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыру. Балаларымыздың жазғы демалысының қауіпсіз және жарқын өтуіне бірге атсалысайық!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды