Төлеби ауданы әкімдігінің «Ашық кеңсе» алаңында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен AMANAT партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаровтың қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдау онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.
Қабылдауға келген тұрғындар мен бизнес өкілдері инвестициялық жобаларды, тұрғын үй кезегі, ауыз су мен ағын су мәселелері, жер телімдеріне қатысты құжаттағы кемшіліктер туралы сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан кеңес алды.
Ленгір қаласы І мөлтек ауданынан келген тұрғындар балалар ойын алаңшасын салу, бейнебақылау камераларын орнату, қоқыс жәшіктерін жаңарту және құрылыс нысандарына қатысты өтініштерін жеткізді.
Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы әрбір мәселені мұқият тыңдап, жауапты сала басшыларымен бірлесе отырып шешу жолдарын талқылады. Барлық өтініштер заң аясында сараланып, тиісті жауаптар өтініш иелеріне жолданатын болады. Қажет жағдайда арнайы талдау жұмыстары жүргізіледі.
Мұндай ашық форматтағы кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.