Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде айқындалып, белсенді қызметімен еліміздегі ең ықпалды саяси күшке айналған «AMANAT» партиясының өзегін республика бойынша 4 мыңға жуық бастауыш партия ұйымдары құрайды. Бастауыш ұйымдардың қоғамдағы рөлін арттыруда Парламент Мәжілісінің және партиямыздың Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың бастамасымен 2025 жыл – Бастауыш партия ұйымдарының жылы болып белгіленді.
«AMANAT» партиясы Бәйдібек аудандық филиалына қарасты 14 бастауыш партия ұжымы жұмысын жасауда. Солардың бірі — «ОРТАЛЫҚ» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кезекті жиналыс өткізілді. «ОРТАЛЫҚ» бастауыш партия ұйымы төрағасы Мұрат Зайырбекұлы Шеримов 2024 жылдың есебі мен 2025 жылдарға атқарылатын жұмыстарды баяндады.
Жиын барысында Бәйдібек ауданы «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Қуанышбек Қансейітов партиялық қызметті азаматтармен тікелей жұмыс істеуге бағдарлау, партияның ықпалымен қабылданып, азаматтардың нақты сұраныстарына жауап беретін бастамаларын ілгерілету, қоғамға пайдалы, жұртшылық игілігін көріп отырған партиялық жобалардың нәтижелі жүзеге асуын қамту, партия бекіткен Сайлауалды бағдарлама мен халыққа берген уәделерінің орындалуын үйлестіру, Жол картасы міндеттемелерінің іске асырылуы, депутаттық корпуспен жұмыс, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдау, олардың орындалуын бақылау сынды қызметтік міндеттер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды партия мүшелеріне түсіндіре отырып бірлесе талқылау арқылы еркін пікір алмасу форматында өткізді.
Партия мүшелері тарапынан №19 колледжге қатысты сауалдарын қойды. «Орталық» бастауыш партия ұйымындағы №19 колледжге келетін ауыз су құбырының тозығы жеткендігі, колледж ауласындағы тал ағаштары мен көркейту-абаттандыру жұмыстарына судың жетіспеушілігі мен электр жарығының жиі өшуі, колледж аумағынан ауыз сумен және техникалық сумен көркейту, көгалдандыру жұмыстарын шешу мақсатында скважина қазу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың жасалынып Түркістан облыстық білім басқармасына сұраныс жасалғанымен осы уақытқа дейін қаржының қаралмағаны сөз болды. Қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптары берілді.
Алдағы уақытта алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде ең алдымен сенім мен ынтымақтастыққа негізделген жаңа өзара қарым-қатынас мәдениет қажет екенін, азаматтардың мүдделерін ілгерілету, тұрғындармен көбірек тікелей байланыс орнату мәселелері маңызды екенін, бастауыш партия ұйымдарына жергілікті жерлердегі азаматтардың нақты мәселелеріне терең үңілуді тапсыра отырып, партияның ашықтығын қамтамасыз етуде әлеуметтік желілерге атқарылып жатқан қыруар жұмыстар жөнінде ақпарат салып отыруды азаматтардың сеніміне ие болу, олар артқан үмітке сай болу – баршамыз атқаратын ең әуелгі міндет екені айтылып, бірлесе жұмыс атқаратындығына сенім білдірді.