«Қарақұм» бастауыш партия ұйымының мүшелері жиын өткізіп, өзара маңызды мәселелерді талқылады. Кездесуді аудандық партия филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Әлиасқар Бердімұрат ашып, жүргізіп отырды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалы хабарлады.
«Қарақұм» бастауыш партия ұйымының өкілі Ербол Мыңжасаров өз сөзінде бастауыш партия ұйымының қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары туралы кең көлемде баяндама жасап, атқарылған іс-шараларға тоқталды.
Жиынға «AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық мәслихат депутаты Әзіретоспан Садуоқасов қатысып, бастауыш ұйымның жұмыс барысына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген өзекті мәселелер, атап айтқанда: абаттандыру, инфрақұрылым жүргізу мен интернет желісінің әлсіздігі сынды түйткілдер талқыға түсті.
Жиын соңында қатысушыларға айтылған ұсыныс-пікірлері бойынша заң аясында түсіндірме жауаптар берілді.