«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҮШІН ӘР ЖУРНАЛИСТ – СЕНІМДІ СЕРІКТЕС

 28 маусым – Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Төлеби ауданының журналистері биік таулар етегіндегі «Тау самалы» демалыс аймағында бас қосты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.

Табиғат аясындағы бұл жүздесу – жай ғана демалыс емес, шығармашылық қауымға деген құрметтің белгісі болды.

Аудан әкімі Еркегали Алимкулов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы Қойбағаров, ішкі істер бөлімінің бастығы Галымжан Куашбаев және AMANAT партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы ретінде мен – Шырынбек Оңғаров – әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, Алғыс хаттар мен жылы лебіздерімізді арнадық.

Бұл күні:

– Абдималик Рахманкулов («Төлеби туы»),

– Гульжархын Омарханова («Ленгер жаршысы»),

– Төребек Байтас (Түркістан облыстық ӨКҚ),

– Лаззат Асанова («Аймақ тынысы»),

– және Дина Хангельдиева («Төлеби таңы»)

сияқты ардақты журналистердің еңбегі еленіп, қоғам алдындағы қызметі құрметпен атап өтілді.

Мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, су да, сөз де, сезім де бір арнада тоғысты. Бұл – ақпарат майданының алдыңғы шебінде жүрген азаматтар үшін лайықты құрмет.

Өз сөзімде атап өткенімдей:

БАҚ – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір. Журналист – ақиқаттың алдаспаны.

«AMANAT» партиясы үшін әр журналист – сенімді серіктес. Елдің үнін естіп, шындықтың сөзін жеткізіп жүрген сіздерге мың алғыс!

Көңіл толы, жүрек жылы, табиғат аясындағы тағылымды кездесулеріміз жалғаса бергей!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды