Қазығұрт аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы мен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Жиын барысында партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуына қатысты Жол картасы көрсеткіштерінің 2025 жылғы бес айлық қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары М. Әшірбаев және аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М. Сапиев есеп берді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.
Қазығұрт ауданында биыл 3 бағыт бойынша 42 индикатор бойынша шараларды жүзеге асыру көзделген.
Табысты арттыру бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға қосу жоспары 30 гектар болса, нақты 705 гектар жер игерілді. Ауыспалы егіс көлемі 18 мың гектарға жетіп, ылғал үнемдеу технологиялары 3300 гектарға енгізілді. Жылыжай алқабының көлемі 186,8 гектарға дейін ұлғайып, жылдық меже толық орындалды. Сонымен қатар, 38 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы алынып, 30 шағын бордақылау алаңы құрылды.
«Жер аманат» жобасымен 705 гектар жайылым жер аудан қорына қайтарылды.
Өмір сапасын арттыру бағытында білім, денсаулық және мәдениет салаларында оң өзгерістер бар. Шарбұлақ ауылында 300 орындық мектеп құрылысы жалғасуда. Медицина саласына 5 жас маман жұмысқа орналасты. Спорттық инфрақұрылыммен қамту 37,1%-ға, ал дене шынықтырумен шұғылданушылар саны 41,68%-ға жетті. Мемлекеттік тілді дамыту және Түркістан облысының көрнекті тұлғаларының мұрасын насихаттау бойынша 5 және 9 іс-шара өткізілді. Киелі жерлерге 11 экспедиция ұйымдастырылып, «Рухани жаңғыру» шараларымен халықтың 41%-ы қамтылды. Қоғамдық келісімді нығайту бағытында 5 кездесу жүзеге асты.
Өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша да алға басу байқалады. Ауыз сумен қамту мәселесін шешу үшін Атажұрт және Алтынтөбе ауылдарында ауыз су құрылыстары жүргізіліп, 24 нысанда тозған құбырлар жөнделуде. Бұл жұмыстар нәтижесінде 61 елді мекен 100% ауыз сумен қамтылады. 11,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі 92%-ға жетті. Ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда.
«AMANAT» партиясы Қазығұрт ауданының дамуына барынша күш салуда.