«AMANAT» – ХАЛЫҚПЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ПАРТИЯ

«AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Онлайн және оффлайн форматта ұйымдастырылған кездесуде аудан әкімінің орынбасары Жанғазиев Бағдатбек Пердебайұлы тұрғындарды жеке қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.

Қабылдауға филиалдың атқарушы хатшысы Шырынбек Сусынұлы Оңғаров модераторлық етті.

Тікелей эфирде өткен кездесуде төмендегідей маңызды мәселелер көтерілді:

▪️ Аудан көлеміндегі идеологиялық өзекті түйткілдер;

▪️ Рухани жаңғыру бағыты;

▪️ Идеология және мәдени саясат;

▪️ Білім мен жастар ісі.

Көтерілген әрбір сұраққа заң аясында нақты жауаптар беріліп, бірқатар мәселе тиісті органдарға жолданатын болды.

«AMANAT» – халықпен тікелей байланыста жұмыс істейтін, қоғамдық диалогты нығайтатын партия. Мұндай қабылдаулар – тұрғындардың үніне құлақ түретін нақты алаң.

Халықпен біргеміз, халық үшін қызмет етеміз!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды