Аудандық мәдениет сарайында «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының кезектен тыс L1 (51) конференциясы болып өтті. Оған «AMANAT» партиясы Жарғысының 9 бөлімі, 96 және 98 тармақтарына сәйкес белгіленген квотаға сәйкес барлық бастауыш партия ұйымдарынан сайланып ұсынылған 86 делегаттың 83-і, сонымен қатар конференцияға «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы саяси кеңесі мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Шардара аудандық филиалы хабарлады.
Конференцияны «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет ашып жүргізіп отырды.
Конференция ресми түрде ашылып, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалғаннан кейін дауыс беру арқылы конференцияның мандат комиссиясы, санақ комииссиясы, хатшылық құрамы бекітіліп, күн тәртібі бекітілді.
Күн тәртібіндегі 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Шардара ауданы Ақшеңгелді және Жаушықұм ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалуына орай осы ауыл округтерінің әкімдігіне партия атынан кандидаттар ұсыну бойынша «Ақшеңгелді» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғалымжан Момынов сөз алып, ұсынысын білдірді.
Ақшеңгелді ауылдық округі әкімдігіне Бейсенов Сержан Зулхарнаевич, Айтенов Бахыт Ибадуллаевич, Мұсабеков Мейіржан Пердебекович,, Жаушықұм ауылдық округі әкімдігіне Құдайбергенов Ерболат Ералыұлы, Қалдыбаев Бегжан Данишханович, Утенов Мұхтархан Айдарханұлы ұсынылып, дауыс беру нәтижесінде 61 дауыс алған Бейсенов Сержан Зулхарнаевич Ақшеңгелді ауылдық округі әкімдігіне, 51 дауыс алған Құдайбергенов Ерболат Ералыұлы Жаушықұм ауылдық округі әкімдігіне «AMANAT» партиясы атынан ұсынылды.
Конференцияда тиісінше қаулы қабылданды.