Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен және Түркістан облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты мен Мақтаарал аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойыны өткізілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы хабарлады.
Аталған іс-шараға Түркістан облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Жұман Жансерік Бауыржанұлы, «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы және «Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Даубаева Меруерт Таласбекқызы қатысты.
Интеллектуалды ойынының мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «AMANAT» партиясы Жастар Рухы қанатының кезектен тыс VI съезіндегі бейне үндеуінде «Жастардың бойында болуы қажет үш қасиет ретінде терең білім, еңбекқорлық, отансүйгіштікті» атаған болатын.
— Жастар бойындағы осы қасиеттерді дамыту;
— Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен тарихын зерттеу арқылы жастар арасында кеңінен насихаттау;
— Қоғамдық белсенділікті дамытуға үлес қосу.
Жүргізуші қатысушы топтарға интеллектуалды ойынның ережелерімен таныстырып, ойынның төрт кезеңнен тұратындығы, онда облыс, аудан тарихы, өнер және спорт саласы, логикалық сұрақтар және партиялық жобалар мен мемлекеттік басқаруға қатысты сұрақтар болатынын, сұрақтар ЛЕД экраннан көрсетілетіндігін, әр кезеңдегі сұрақтарға жауап беру үшін бір минут уақыт берілетіндігін түсіндірді.
Интеллектуалды ойындардың бүгін өткен іріктеу кезеңіне аумақтық-әкімшілік бірліктерінен, кітапхана ұжымы, Атакент пен Мырзакент ауруханаларының ұжымы және тілдер орталығынан жалпы 9 команда қатысып, ойын ережесі бойынша 4 шартты орындап шықты.
Командалардың дайындығын аудандық мәслихат депутаты Даубаева Меруерт Таласбекқызы мен Мақтаарал аудандық Жастар ресурстық орталығының инспекторы Байдуллаева Әсел Нұрланқызы бағалап, бағасын берді.
Жарыс қорытындысы бойынша «AMANAT AQYLMEN» интеллектуалды ойынында алға озған 3 жеңімпаз анықталды. III-орынды Мырзакент ауруханасының ұжымынан құралған «Абзал жандар» командасы иеленсе, II-орыннан аудандық кітапхана ұжымынан құралған «Кітап Team» командасы көрінді. Тілдерді оқыту және дамыту орталығы ұжымынан құралған «Ұлағат» командасы I-орынды қанжығалап, жеңімпаз атанып, ойындардың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Жарысқа қатысушы командаларға «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы М.Сәрсенов атынан алғыс хат пен дипломдар, сертификат пен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Айта кету керек, интеллектуалды ойындардың шешуші кезеңі Түркістан қаласында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында өтеді.
Облыс жеңімпазы болған команда Республикалық сайысқа жолдама алады.