Түркістан облысы, Созақ ауданы Созақ ауылындағы №1 колледжіндегі 120 орындық жатақхана ғимаратының құрылыс жұмыстарына 2025 жылдың 11 маусым күні «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев және «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» маманы Қ.Асқаров пен Созақ ауылы округі әкімі Б.Аяпов пен мердігер мекеме өкілі М.Адаханның қатысуымен мониторинг жүргізілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.
- Бас мердігер: «Содбис-Строй» ЖШС
- Тапсырыс беруші: «Түркістан облыстық құрылыс басқармасы» ММ-і
- Техникалық қадағалаушы: «САЯН CONSTRUCTION» ЖШС
- Бас жобалаушы: «Grand Strukture Enqineerinq» ЖШС
- Нысанның құрылыс құны: 714 миллион теңге
- Құрылыс жүргізу мерзімі: 22 ай.
- Құрылыстың басталуы: 17 ақпан 2025 жыл
- Құрылыстың аяқталуы: 30 желтоқсан 2026 жыл
Мониторниг барысында құрылыс жұмыстарының іргетасын құю жұмыстары толық бітіп, жер бетінен үстіңгі қабатына іргетас құю жұмыстары жүргізілуде. Жер асты төменгі бетон құймаларын су өткізбейтін арнайы сұйықтықпен майлау жұмыстары жүргізіліп, жер астыңғы бөліктерін топырақ таспен толтыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс басында арнайы 10 жұмысшы және арнайы 4 техника жұмыс жүргізіп отыр.
Құрылыс жұмыстарының жалпы орындалған жұмыс көлемін білу мақсатында мердігер мекеме өкілінен сұрағанымызда іргетас құюға бөлінген 28 миллион теңге толық игерілген, ғимараттың үстіңгі іргетасына бөлінген 46 миллион теңге бөлініп қаржы игерілу үстінде. Алдағы айларға қаржы қарастырылмаса жұмыстың ары қарай жүргізілуі қиын екенін айтылды.