ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

 «AMАNAT» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде филиал төрағасы Арман Басаровтың қатысуымен, Кентау қалалық кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әріп Нәриман Нұрғалиұлы қала тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалы хабарлады.

Қабылдауға жүгінген қала тұрғындары жалғызбасты зейнеткерлерге қандай жеңілдіктер бар екенін және жеке кәсіпкерлердің сауда орнын ашуға байланысты сұрақтармен келді. Сонымен қатар несие берешектерін жоюға және жеке кәсіпкерлерге салық салу мәселелері бойынша кеңес сұрап келді.

Қабылдауға келген қала тұрғындарының сұрақтарына Нәриман Нұрғалиұлы заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заң аясында кеңес берді.

Сондай-ақ «AMАNAT» партиясы Кентау қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «AMАNAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаровтың қатысуымен, Кентау қалалық мәслихат депутаты Беркімбаев Камалбек Мейірбекұлы қала тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға жүгінген қала тұрғындары Әл-Фараби көшесі №114 көп қабатты тұрғын үйлердің ауласына балалар ойын алаңшасын салу бойынша және Б.Момышұлы көшесі бойындағы тротуар асфальтті жөндеу бойынша көмек сұрап келді.

Қабылдауға келген қала тұрғындарының сұрақтарына Беркімбаев Камалбек Мейірбекұлы заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шешуге ықпал жасайтынын жеткізді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды