Бүгін Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Есімхан Ешенқұлұлы Исақұловтың, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Абуов Бекболат Шамұратұлының қатысуымен Төлеби бастауыш партия ұйымының есеп беру жиналысы өтті. Жиында Төлеби БПҰ төрағасы Сланов Бекзат Маханбетұлы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
2005 жылы құрылған Төлеби бастауыш партия ұйымы 20 партиялық ұйымды және 789 белсенді партия мүшесін біріктіреді. Ұйымның мүшелері арасында әйелдер 68,7%, ерлер 31,3% құрайды, сонымен қатар зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және жұмыс істейтін азаматтар да бар.
Жиналыста партиялық жобалар аясында атқарылған ауқымды жұмыстар баяндалды:
- «Қарызсыз қоғам» жобасымен 50-ден астам адам оқытылды.
- «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Балаларды мектепке даярлайық» акциясымен 5 бала мектеп құралдарымен қамтылды.
- «Ардагерлерді ардақтайық» жобасымен 20-дан астам іс-шара өткізіліп, ардагерлерге құрмет көрсетілді және медициналық көмектер көрсетілді.
- «Кедергісіз келешек» жобасымен 20-дан астам мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларына қолдау көрсетіліп, мемлекеттік нысандардың қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді.
- «ТазаLike» акциясы аясында 50-ден астам тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Ұлттық мұра», «Tomiris», «Qaisar», «Жастарға жұмыс», «Менің елім менің тілім», «Құқықтық көмек» сияқты басқа да партиялық жобалар насихатталуда. Қазығұрт ауылдық округінің өзекті мәселелерін шешу бойынша аудандық мәслихат депутаттары және ауыл округі әкімімен бірлескен жұмыстар жалғасуда.
«AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы Төлеби бастауыш партия ұйымының белсенді жұмысы үшін алғыс білдіреді! Партиямыздың алға қойған мақсаттарына жету жолында бірге жұмыс істеуді жалғастырамыз!