«Балаңа уақыт арна» республикалық акциясы аясында Қызылқия БПҰ төрайымы Акынгазиева Айкул Кузенбаевна Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы ұжымымен кездесті. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін нығайту және осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.
Айкул Кузенбаевна өз сөзінде жаз мезгілінде балалардың су айдындарында, жол бойында және басқа да қауіпті аймақтарда сақтық шараларын сақтауының маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол ата-аналардың балаларына барынша уақыт бөліп, олардың бос уақытын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуін қадағалау керектігін жеткізді. Аурухана ұжымына да ауыл тұрғындарымен тұрақты түрде қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін баса айтты.
Бұл кездесу «Amanat» партиясының бастамасымен қолға алынған «Балаңа уақыт арна» акциясының бір бөлігі. Акцияның негізгі идеясы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-аналар мен қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыру. Балаларымыздың жазғы демалысының қауіпсіз және жарқын өтуіне бірге атсалысайық!