АДАМ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУҒА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН АЗАМАТТАРДЫҢ КҮНІ

Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында медицина қызметкерлері күні аталып өтті. Мерекелік іс-шараға қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусизов және «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров қатысып, қаламызға еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерлерін құттықтады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалы хабарлады.

Медицина қызметкерлерінің мерекесі біздің елімізде – өзін медицина мамандығымен байланыстырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға үлес қосып жүрген азаматтардың күні.

Кентау қалалық мәслихат төрағасы және «AMANAT» партиясы төрағасының атынан медицина қызметкерлеріне құрмет грамоталары табысталып, марапатталды.

Мерекелік іс-шара мәдениет сарайының өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласып, ақ халатты абзал жандардың мерекелік көңіл-күйін көтерді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды