ҚАБЫЛДАУДА МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛЫП, ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Жетісай ауданының ауыз су мекемесінің мамандары қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Жетісай аудандық филиалы хабарлады.

Кездесу аясында үш азаматтың өтініші қаралды. Төрағаның жоғары деңгейдегі жауапкершілігі мен біліктілігі арқасында тұрғындардың мәселелері мұқият тыңдалып, жедел әрі нақты шешімдер табылды. Соның ішінде Жетісай қаласының тұрғыны Айжан Сейдазім өзінің бірқатар мәселелерін айтып келген болатын, қабылдауда мәселесі қаралып, оң шешімін тапты. Және осындай басқа да бірқатар мәселелер назарға алынып, жақын ортада оң шешімін табатын болады. Бұл – төрағаның өз өкілеттігін іске асырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға деген шынайы ықыласының дәлелі. Және басқа да мәселелер қабылдауда қаралып, тиісті мекемелерге тапсырма берілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды