БАЛАЛЫҚ ШАҚТАРЫ БАҚЫТҚА ТОЛЫ БОЛСЫН!
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалы аудандық психологиялық-педагогикалық түзету орталығында білім алатын балаларға арналған мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. Жиын барысында кішкентай бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйланды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалы хабарлады.
«AMANAT» партиясы балалардың бақытты әрі қауіпсіз қоғамда өмір сүруін басты мақсат етіп, олардың құқықтарын қорғауға және қолайлы өмір ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» сияқты жобалары осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға бағытталған. Біз әрбір баланың білім алуға, денсаулыққа және қорғалуға құқығы бар екенін әрқашан еске саламыз.
Мерекелік іс-шара барысында «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Әлиасқар Байдуллаұлы балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға арнайы сый-сияпаттар табыстады.
Біз «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалы атынан барлық балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Балалық шақтары бақытқа толы болсын, армандары орындалсын! Біз әрқашан балаларымыздың жарқын болашағы үшін жұмыс істейміз.