ЖАПОНИЯДАҒЫ «GRAND SLAM» БӘСЕКЕСІНДЕ ЕЛ НАМЫСЫН 10 ДЗЮДОШЫ ҚОРҒАЙДЫ

Қараша айының 22-24 аралығында Жапонияның Оскада қаласында өтетін дзюдодан «Grand Slam» жарысында ел намысын қорғайтын дзюдошылардың есімдері белгілі болды.

Ерлер бәсекесінде Рустам Ибраев (-60 кг), Жансай Смағұлов (-73 кг), Жанболат Бағытбергенов (-73 кг), Руслан Мұсаев (-81 кг), Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг), Айбек Серікбаев (-100 кг) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) сынға түседі. Ал әйелдер сынында Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг), Севара Нишанбаева (-57 кг) және Зарина Райфоваға (-78 кг) үміт артылып отыр.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, «Grand Slam» жарысында жеңімпаз атанған спортшыға әлемдік рейтингте 1000 ұпай қосылса, екінші орынға – 700, үшінші орыннан көрінген дзюдошы 500 ұпайға ие болады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған