ҚЫРҒЫЗСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ӨНІМДЕРІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Қырғызстан мен Өзбекстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

2019 жылдың 19 ақпанынан бастап Қазақстан тарапынан Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімдерге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілді.

Атап айтқанда тұқымдық және азықтық картопқа, алма, құрма, сонымен қатар Өзбекстан Республикасынан әкелінетін анарға. Бұны брифинг барысында АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің орынбасары А.М. Марс мәлім етті.

Соңғы уақытта Қырғызстан және Өзбекстаннан келетін өнімдерден карантиндік объектілердің анықталуы жиілеп кеткен:

– алма, анар және құрмада карантиндік объект Комсток сымыры (Pseudococcus comstocki (Kuwana);

– картопта карантиндік объект картоптың алтын түстес жұмырқұрты (Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens).

Айта кетейік, сымырдың шоғырлануы жемістің өсу нүктелерінің және өркеннің кебуі мен қурауына, жапырақтың сарғаюы мен түсуіне әкеп соғады. Жеміс қатты залалданған уақытта кеуіп қатаюына, сапасы мен дәмінің нашарлауына және салмағының азаюына әкеп соғады. Сымырмен залалданған ағаштардың жанында өскен жеміс дақылдары сымыр құртымен залалданып шығынға ұшырайды: қызылша 35%, картоп 42%, шабдалы 49%. Сымырмен тұт ағашының залалдануы орташа есеппен 10%-ды құрайды.

Картоптың алтын түстес жұмырқұрты тамыр мен түйінді зақымдап, картоп өндірісіне зиян келтіреді. Өнімді жоғалту мүмкіндігі 50-90%. Кей жағдайларда бүкіл өнімді жоғалтуына әкеп соғады.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған