Түркістан қаласының қоғамдық тамақтану орындары бірлесіп облыс орталығында карантин режимінде жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге кешкі ас таратуда. Олардың қатарында, «Наурыз», «Damdi», «Аспан Аксарай», «Малика», «Dauly Food», «NurHouse», «Ноши Мадоти», «Нилуфар», «Каратау 2», «Симсим», «Айкен», «Мо-Мо», «Биг-маг», «Алькаусар», «Мансар» сынды тамақтану орындары бар. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Түркістандық кәсіпкерлер күнделікті 100-ге жуық дәрігерге ыстық тамақ жеткізуде. Облыс орталығында орналасқан мейрамханалар мен кафе ұжымдары бірлесе ұйымдастырған шараға дәрігерлер қауымы ризашылықтарын білдіруде. Адам жанының арашасы болған жандарға және жомарт кәсіпкерлерге қала тұрғындары да дән риза. Ұйымдастырушылар аталған шара жалғасын таба беретінін жеткізді.