ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ЖАҢАРАДЫ

Тұрғын үй кезегіндегі құжаттарды жаңарту қажет. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тіркелген көпбалалы отбасылар қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына құжаттарын жаңарту үшін тез арада келуін сұранамыз.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12а (9-қабатты ғимарат)» делінген хабарландыруда.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған