ШЫМКЕНТ БАЛАБАҚШАЛАРЫНА САУСАҚ ІЗІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚҰРЫЛҒЫЛАР ОРНАТЫЛУДА

Елімізде санды технологиялар көптеген салаларға дендеп еніп келе жатқаны белгілі. Шымкент балабақшаларына саусақ ізімен жұмыс істейтін құрылғылар орнатылуда бұл жөнінде «Хабар 24» хабарлады.

Ол қондырғы бүлдіршіннің балабақшаға келген-келмегенін, келген уақытын, кеткен уақытын түгелдей көрсетіп тұрады. Биометриялық кесте жүйесінің енгізілгені жұмыс жүйесін жеңілдетеді. Тәрбиешілер балаларды түгелдеп, санап жатпай-ақ өз істеріне кірісе береді. Саусақ іздері арқылы бала жайлы мәліметтерді анықтайтын құрылғыға балабақшадағы балалардың саусақ іздері енгізілген. Бұл жүйе әзірге шаһардағы үш балабақшаға қойылған. Жыл соңына дейін барлық мекемелер осы цифрлық жүйеге өтеді деген жоспар бар.  Балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің саусақ іздерін биометриялық кестеге ендіру үшін әуелі ата-аналар келісім берген. Мұнда әрбір саусақ ізі үшін бірегей цифрлық код беріледі.

Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайханның айтуынша «Сана» деп аталатын бұл сандық жүйе әуелі мемлекеттік тапсырысты орындайтын балабақшаларға қойылады. Қазір биометриалық кесте пилоттық жоба ретінде жүзеге асуда екен.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған