САПАРҒА ШЫҚПАУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ!

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елорда мен Алматы аумағында 2020 жылғы 19 наурызда сағат 00:00-ден бастап карантиндік режим енгізілді.

Екі қалада карантин енгізілуіне байланысты кіріп-шығуға тыйым салынған.

Осыған орай, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына сапарға шықпауларыңызды сұраймыз. Ағайын-туыстарыңызға хабарлаңыздар!

Сондай-ақ, аталған қалаларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау күшейтіліп, қосымша шектеулер енгізілген.

Атап айтқанда:

– Қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынған;

– Екі қаланың аумағына кіре берістерде, шығуларда шектеу енгізілген;

– Кіреберістерде/шығуларда коронавирусқа күдікті адамдарды анықтау бойынша қосымша мобильді пункттер орнатылған;

– Медициналық тексеруден және емдеуден, карантиндік режимді сақтаудан жалтарған; эпидемиологиялық жағдайды анықтау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарды бақылау күшейтілген;

– Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіреберістерде блок бекеттері орнатылып, тексеру күшейтілген;

Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз, елдің қауіпсіздігі!

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған